Запись на прием
Функционалдық диагностика дәрігері

Врач функциональной диагностики

Функционалдық диагностика дәрігері - аспаптық зерттеу әдістерін пайдалана отырып әр түрлі органдар мен ағза жүйелерінің ауруларын анықтау және бағалаумен, олардың функционалдық мүмкіндіктерін диагностикалаумен айналысатын дәрігер. Барлық қолданылатын әдістер қауіпсіз, сондықтан оларды сау адамдарға да, әртүрлі аурулардан зардап шегетін адамдарға да, жүкті әйелдер мен балаларға да қолдануға болады. Жаңа функционалды диагностика функциялар мен функционалды резервтердің бұзылуын сандық бағалауға, бұзылу механизмдерін анықтауға және аурудың болжамын жасауға мүмкіндік береді. Жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін бағалау үшін: электрокардиография (ЭКГ); ЭКГ тәуліктік (холтерлік) мониторингі; артериялық қысымның тәуліктік мониторингі (АҚТМ); жүректі ультрадыбыстық зерттеу (эхокардиография); қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеу пайдаланылады. Тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіндіктерін бағалау үшін сыртқы тыныс алу функциясына зерттеулер жүргізіледі : спирография, бронхолитикпен сынау. Мидың функционалдық мүмкіндіктерін бағалау үшін: электроэнцефалография; ми артерияларын ультрадыбыстық зерттеу. Зерттеудің функционалдық әдістерін жүргізгеннен кейін дәрігер науқастың қолына қорытынды береді, оны кеңес алуға жүгінетін маманға көрсету керек. Уақытылы және дұрыс диагноз қою сәтті емдеудің негізі болып табылады.

Біздің дәрігерлер: