Запись на прием

Педиатр

Педиатр - балалардың ауруларын диагностикалаумен, емдеумен және алдын-алумен айналысатын дәрігер. Бұл маман сонымен қатар әр түрлі жастағы баланың денсаулығы мен дамуына жан-жақты баға береді, баланың денсаулық тобын тағайындайды және ата-аналарға омырау сүтімен емізу және күту туралы ұсыныстар береді. Педиатр-омырау емізу, омыраудағы балаға күтім жасау және қосымша тамақтандыру жөнінде ұсыныстар береді; балаға суық тию ауруларының жиілігін қалай сиретуге болатынын түсіндіреді; дәрілік препараттарды бақылаусыз немесе шамадан тыс пайдаланудан сақтандырады; баланың жасына және оның ағзасының ерекшеліктеріне байланысты кешенді тексерудің жеке бағдарламасын жасайды; баланы қарап-тексеру және бейінді мамандардың ұсынымдары негізінде денсаулық тобы туралы қорытынды береді; екпелердің жеке күнтізбесін әзірлейді, шұғыл вакцинопрофилактика жүргізеді; ата-аналарға анықтамалар, дене жүктемелерінен босатулар, еңбекке жарамсыздық құжаттарын жазады.

Біздің дәрігерлер: